АЛМАТЫ, 10 ақпан – Sputnik. Ақтауда бала күтуші жұмыс берушінің үйінен құнды дүниелерді ұрлап кетті, деп хабарлады Polisia.kz.
Бала күтуші бір айдың ішінде жұмыс берушінің үйінен алтын сырға мен білезіктер, 2,800 доллар мен 140 мың теңгесін жымқырып кеткен. Үй иесі пәтердің кілтін бала күтушісіне сеніп берген. Тұрғын полицияға шағым түсірді.
Криминалдық полиция қызметкерлері 27 жастағы әйелді анықтап, ұстады. Ақтау қалалық полиция басқармасы "Ұрлық" фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.