Өңірлер

Атырауда үй қызметкері жұмыс берушісінің 56 миллион теңгесін ұрлап кетті

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги в руках
Деньги в руках - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.05.2021
Жазылу
Сейфтен көп мөлшерде ақша ұрлаған әйел Шымкент қаласынан табылды

НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр - Sputnik.  Атырауда 56 миллион теңгені қолды еткен ұры Шымкентте табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Ол үй қызметкері болып жұмыс істеген.

Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, 46 жастағы әйел наурыз айында құқық қорғау органына жүгініп өзінің пәтеріндегі сейфтен 56 миллион теңге жоғалып кеткенін айтқан.

"Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралар барысында жәбірленушінің пәтеріне еркін кіру арқылы сейфті ашып, ақшаны жасырын жымқырған, пәтерде үй қызметшісі ретінде жұмыс істеген 42 жастағы азаматшаны анықтады. Күдікті қаладан кетіп үлгерген, ол Шымкент қаласында ұсталды", -  деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Естеріңізге салсақ, осыған ұқсас оқиға Нұр-Сұлтанда болды. Ақпан айының соңында полицейлер 300 000 теңге ұрлаған әйелді ұстады.

Оқи отырыңыз: Ақшаны алаңсыз жаратқан: ақмолдық медбикенің өтірігі әшкере болды

Ол бұл ақшаны тазалық жасайтын пәтер иесінен, өзінің жұмыс берушісінен қолды еткен.  Әйел пәтер иелері ақшаның жоғалғанын байқамайынша, отбасында жұмыс істей берген.

Жаңалықтар
0