Қоғам

Түркиядан тағы 42 қазақстандық елге оралды

Sputnik
АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Қазақстандықтардың екінші легі Түркиядан елге оралды.
Кеше Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге қосымша көмек көрсету үшін Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің екінші эшелоны қажетті іздестіру-құтқару құрал-жабдықтары тиелген ұшақпен Газиантеп қаласына жеткен болатын.
Қазақстанның Түркиядағы елшілігі қазақстандықтарға кері рейспен елге қайтуға көмектесті.
"ИЛ-76 ұшағымен 64 адам – 42 қазақстандық және 22 қырғызстандық Астанаға жеткізілді. Елге оралған азаматтар Газиантеп, Мерсин, Кахраманмараш, Диарбакыр, Шанлыурфа және Элязык провинцияларынан келген", - деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.
Бұған дейін Түркияның Газиантеп қаласынан Қазақстанның 16 азаматы арнайы бортпен Астанаға ұшып келді.
Соңғы деректерге сүйенсек, Түркияда зілзала салдарынан қаза тапқандар саны 12 391 адамға жетті, 63 мыңға жуық адам зардап шеккен.
Түркиядан арнайы бортпен 16 қазақстандық елге жеткізіледі