АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек көптен бері құрылысы бітпей жатқан ірі сауда орталығының тағдыры туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Құрылыс нысаны Республика даңғылы мен Иманов көшесінің қиылысында орналасқан. Бұрын ол жер қоршалып тұрды. Артынан сауда орталығының құрылысы басталды. Бірақ әлі күнге дейін аяқталған жоқ.
"Мен нысан иесін табуға тырысамын. Құрылысты жылдамдататын боламыз. Иесі оны бітіреді, я болмаса, заң бойынша басқа шара қолданамыз. Бәлкім, басқа біреуге сатады. Қалай болса да, құрылысты ары қарай жалғастыру жолын іздейміз ", - деді Қасымбек Байқоңыр ауданының тұрғындарымен өткен кездесуде.
Ал аудан әкімі Ерлан Жаулыбаевтың айтуынша, алдағы бір жылдың ішінде ешқандай құрылыс жұмыстары жүргізілмейді.