https://sputnik.kz/20230209/biyl-eski-uyler-zhappay-buzylady--astana-akimi-31941676.html
Биыл ескі үйлер жаппай бұзылады – Астана әкімі
Биыл ескі үйлер жаппай бұзылады – Астана әкімі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек биыл ескі үйлердің жаппай ысырылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 09.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-09T15:02+0500
2023-02-09T15:02+0500
2023-02-09T15:02+0500
елорда тынысы
тұрғын үй
жеңіс қасымбек
https://sputnik.kz/img/759/49/7594930_0:68:3401:1981_1920x0_80_0_0_5686cbf9676f61e369bbb44443c6fbdb.jpg
АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек биыл ескі үйлердің жаппай ысырылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бүгін Байқоңыр ауданының тұрғындарымен өткен кездесуде апаттық жағдайдағы үйлердің мәселесі қызу талқыланды. Ондай баспананың иелері көп келді. Біреулер апаттық үйлерді бұзу жоспарының кезексіз жүргізілетінін айтса, енді біреулер жаңа үйге көшіру шараларының ұзаққа созылып жатқанын жеткізді. Мәселен, Брусиловский көшесінде орналасқан екі қабатты үйдің шатыры опырылып түсті. Пәтердің иесі өзі жөндеген. Бірақ үйді әлі ысырмаған.Теміржол өткелі жақта тұратын адамдар да қатты қиналып жүр. Барлығы барақ типтес үйде тұрады. Бірақ әлі күнге дейін апаттық үйлерді бұзу жоспарына ілінген жоқ. Ал Лермонтов көшесінде бірнеше үйді бұзған. Бірақ дәл жанында тұрған тағы бір ескі үйді қалдырып кеткен.Әкімнің айтуынша, биыл реновация бағдарламасы қайта қаралады. Қауіпті жағдайда тұрған үйлерге басымдық беріледі. "Қазір қала бойынша апаттық жағдайда тұрған 15 мың пәтер бар. Биыл реновация бағдарламасы жаңартылады. Ал үйлер жаппай бұзылады", - деді Қасымбек.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/759/49/7594930_334:0:3065:2048_1920x0_80_0_0_ca452fbbca9d46c34248f40c92996219.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тұрғын үй, жеңіс қасымбек
тұрғын үй, жеңіс қасымбек
Биыл ескі үйлер жаппай бұзылады – Астана әкімі
АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек биыл ескі үйлердің жаппай ысырылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін Байқоңыр ауданының тұрғындарымен өткен кездесуде апаттық жағдайдағы үйлердің мәселесі қызу талқыланды. Ондай баспананың иелері көп келді. Біреулер апаттық үйлерді бұзу жоспарының кезексіз жүргізілетінін айтса, енді біреулер жаңа үйге көшіру шараларының ұзаққа созылып жатқанын жеткізді. Мәселен, Брусиловский көшесінде орналасқан екі қабатты үйдің шатыры опырылып түсті. Пәтердің иесі өзі жөндеген. Бірақ үйді әлі ысырмаған.
"Бірнеше жыл бұрын залдың төбесі опырылып түсті. Төрт балам бар. Абырой болғанда кермелі төбе болды, сол ұстап қалды. Ол үйдің шатыры шашылып жатыр. Мен төбені өз ақшама жасаттым, суды да, кәріз жүйесін де тарттым. 2005 жылдан бері үйді бұзу туралы ескертулер келеді. Бірақ ешқандай өзгеріс жоқ. Нақты қай кезде сүріп тастайтынын айтпай ма?", - дейді қала тұрғыны.
Теміржол өткелі жақта тұратын адамдар да қатты қиналып жүр. Барлығы барақ типтес үйде тұрады. Бірақ әлі күнге дейін апаттық үйлерді бұзу жоспарына ілінген жоқ. Ал Лермонтов көшесінде бірнеше үйді бұзған. Бірақ дәл жанында тұрған тағы бір ескі үйді қалдырып кеткен.
Әкімнің айтуынша, биыл реновация бағдарламасы қайта қаралады. Қауіпті жағдайда тұрған үйлерге басымдық беріледі.
"Қазір қала бойынша апаттық жағдайда тұрған 15 мың пәтер бар. Биыл реновация бағдарламасы жаңартылады. Ал үйлер жаппай бұзылады", - деді Қасымбек.