АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Алдағы парламент сайлауына барлығы 892 кандидат ұсынылды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында айтылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсыну 8 ақпан 18.00-де аяқталған болатын. ОСК мәліметінше, 7 партиялық тізім мәжіліс депутаттығына 283 кандидат ұсынылды:
1.
"Қазақстан халық партиясы" – 52 кандидат;2.
"Ақ жол" Қазақстан демократиялық партиясы – 54 кандидат;3.
"Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 25 кандидат;4.
"Amanat" партиясы – 90 кандидат;5.
"Respublica" партиясы – 25 кандидат;6.
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 19 кандидат;7.
"Байтақ" жасылдар партиясы – 18 кандидат.Сондай-ақ бірмандаттық округтер бойынша мәжіліс депутаттығына қанша кандидат ұсынылғаны да белгілі болды.
Барлығы 29 округ бойынша 609 кандидат ұсынылып отыр. Оның ішінде 7 саяси партиядан – 79 үміткер, төрт қоғамдық бірлестіктен – 5 кандидат, қалған 525-і – өзін-өзі ұсынғандар.
Кандидаттар мен саяси партияларды тіркеу 18 ақпан 18.00-ге дейін жалғасады. Сайлау алдындағы үгіт 18 ақпан 18.01-де басталып, 18 наурыз сағат 00.00-де аяқталады.
18 наурыз – тыныштық күні.
Айта кетері, парламент мәжілісі 98 депутаттан құралады: 69 депутат партиялық тізімдер бойынша, ал 29 депутат бірмандаттық аумақтық округтер бойынша сайланады.
Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 19 наурызда өтеді.