Мәжіліс депутаттығына қанша кандидат ұсынылды

© Sputnik / Владислав ВодневМәжіліс
Мәжіліс - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.02.2023
Жазылу
8 ақпан күні кешкі алтыда мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсыну науқаны аяқталды
АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Алдағы парламент сайлауына барлығы 892 кандидат ұсынылды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында айтылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсыну 8 ақпан 18.00-де аяқталған болатын. ОСК мәліметінше, 7 партиялық тізім мәжіліс депутаттығына 283 кандидат ұсынылды:
1.
"Қазақстан халық партиясы" – 52 кандидат;
2.
"Ақ жол" Қазақстан демократиялық партиясы – 54 кандидат;
3.
"Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 25 кандидат;
4.
"Amanat" партиясы – 90 кандидат;
5.
"Respublica" партиясы – 25 кандидат;
6.
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 19 кандидат;
7.
"Байтақ" жасылдар партиясы – 18 кандидат.
Сондай-ақ бірмандаттық округтер бойынша мәжіліс депутаттығына қанша кандидат ұсынылғаны да белгілі болды.
Барлығы 29 округ бойынша 609 кандидат ұсынылып отыр. Оның ішінде 7 саяси партиядан – 79 үміткер, төрт қоғамдық бірлестіктен – 5 кандидат, қалған 525-і – өзін-өзі ұсынғандар.
Кандидаттар мен саяси партияларды тіркеу 18 ақпан 18.00-ге дейін жалғасады. Сайлау алдындағы үгіт 18 ақпан 18.01-де басталып, 18 наурыз сағат 00.00-де аяқталады.
18 наурыз – тыныштық күні.
Айта кетері, парламент мәжілісі 98 депутаттан құралады: 69 депутат партиялық тізімдер бойынша, ал 29 депутат бірмандаттық аумақтық округтер бойынша сайланады.
Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 19 наурызда өтеді.
Съезд партии Amanat - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.02.2023
Аймағамбетов мәжіліс депутаттығына ұсынылды: "Amanat" кандидаттар тізімін бекітті
Жаңалықтар
0