Қоғам

Жеңілдетілген автокредиттің басым бөлігі алматылықтарға бұйырды

Бүгінгі таңда 463 қазақстандық автосалондарға барып, көлік моделін таңдап, төлем шотын алған
Sputnik
АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik. Өнеркәсіпті дамыту қоры жеңілдетілген автокредитке өтінім қабылдау бойынша autonesie.kz платформасы жұмысының алғашқы қорытындысын жариялады.
Платформа іске қосылған алғашқы секундтарда 19 мен 62 жас аралығындағы 761 азамат тіркелген.
"Платформа іске қосылған сәттен бастап autonesie.kz сайтына кірушілердің басым көпшілігі Алматыда – 31%, Астанада – 22,6% және Шымкентте – 9,3% байқалды. Платформаны алғаш іске қосуға арналған револьверлік қаражат мөлшері 7,6 млрд теңгені құрады. Бүгінгі таңда автосалондарға 463 қатысушы жүгініп, төлем шоттарын алды. Қатысушылар арасында ең танымал автомобиль брендтері – Hyundai және Chevrolet", - делінген хабарламада.
Өңірлер бойынша автомобильге төлем шотын алғандар саны:
Астана – 175;
Алматы – 79;
Қостанай обл. – 44;
Жетісу облысы – 43;
Шымкент – 41;
Қарағанды облысы – 20;
Шығыс Қазақстан облысы – 13;
Ақтөбе облысы – 9;
Солтүстік Қазақстан облысы – 7;
Жамбыл облысы – 6;
Атырау облысы – 5;
Павлодар облысы – 5;
Ақмола обл. – 4;
Абай облысы – 4;
Маңғыстау облысы – 3;
Түркістан облысы – 3;
Батыс Қазақстан облысы – 2.
Қазіргі таңда бағдарламаға қатысатын банктер жалпы сомасы 2,549 млрд теңгеге өтінім қабылдап, мақұлдады.
Қор жеңілдетілген автокредиттер ай сайын берілетінін атап өтті.
Еске салсақ, 6 ақпан Астана уақытымен тура сағат 10.00-де autonesie.kz сайтында жеңілдетілген автокредитке өтінім қабылдау басталды. Өнеркәсіпті дамыту қорының мәліметінше, 761 қазақстандық платформа ашылғаннан бастап алғашқы 18 секундта өтінімін тіркеп үлгерген. Ал алғашқы минутта сайтқа кіргендер саны 125 мың адамды құрады.
Қоғам
Жеңілдетілген автокредит бойынша өтінім қабылдайтын сайт ашылмай жатып істен шықты