https://sputnik.kz/20230208/zhenildetilgen-avtokredit-astanalyqtar-31910971.html
Жеңілдетілген автокредиттің басым бөлігі алматылықтарға бұйырды
Жеңілдетілген автокредиттің басым бөлігі алматылықтарға бұйырды
Sputnik Қазақстан
Бүгінгі таңда 463 қазақстандық автосалондарға барып, көлік моделін таңдап, төлем шотын алған 08.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-08T16:54+0500
2023-02-08T16:54+0500
2023-02-09T08:16+0500
қоғам
автокөлік
астана
https://sputnik.kz/img/07e5/06/19/17446133_26:0:3667:2048_1920x0_80_0_0_43258620d5b83371deeb1b202b3ea87b.jpg
АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik. Өнеркәсіпті дамыту қоры жеңілдетілген автокредитке өтінім қабылдау бойынша autonesie.kz платформасы жұмысының алғашқы қорытындысын жариялады.Платформа іске қосылған алғашқы секундтарда 19 мен 62 жас аралығындағы 761 азамат тіркелген."Платформа іске қосылған сәттен бастап autonesie.kz сайтына кірушілердің басым көпшілігі Алматыда – 31%, Астанада – 22,6% және Шымкентте – 9,3% байқалды. Платформаны алғаш іске қосуға арналған револьверлік қаражат мөлшері 7,6 млрд теңгені құрады. Бүгінгі таңда автосалондарға 463 қатысушы жүгініп, төлем шоттарын алды. Қатысушылар арасында ең танымал автомобиль брендтері – Hyundai және Chevrolet", - делінген хабарламада.Өңірлер бойынша автомобильге төлем шотын алғандар саны:Қазіргі таңда бағдарламаға қатысатын банктер жалпы сомасы 2,549 млрд теңгеге өтінім қабылдап, мақұлдады.Қор жеңілдетілген автокредиттер ай сайын берілетінін атап өтті.Еске салсақ, 6 ақпан Астана уақытымен тура сағат 10.00-де autonesie.kz сайтында жеңілдетілген автокредитке өтінім қабылдау басталды. Өнеркәсіпті дамыту қорының мәліметінше, 761 қазақстандық платформа ашылғаннан бастап алғашқы 18 секундта өтінімін тіркеп үлгерген. Ал алғашқы минутта сайтқа кіргендер саны 125 мың адамды құрады.
https://sputnik.kz/20230206/zhenildetilgen-avtokredit-boyynsha-otinim-qabyldaytyn-sayt-ashylmay-zhatyp-isten-shyqty-31786651.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/19/17446133_481:0:3212:2048_1920x0_80_0_0_6b473f70e2120d92412c5ccd1c444964.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
автокөлік, астана
Жеңілдетілген автокредиттің басым бөлігі алматылықтарға бұйырды
16:54 08.02.2023 (жаңартылды: 08:16 09.02.2023) Бүгінгі таңда 463 қазақстандық автосалондарға барып, көлік моделін таңдап, төлем шотын алған
АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik. Өнеркәсіпті дамыту қоры жеңілдетілген автокредитке өтінім қабылдау бойынша autonesie.kz платформасы жұмысының алғашқы қорытындысын жариялады.
Платформа іске қосылған алғашқы секундтарда 19 мен 62 жас аралығындағы 761 азамат тіркелген.
"Платформа іске қосылған сәттен бастап autonesie.kz сайтына кірушілердің басым көпшілігі Алматыда – 31%, Астанада – 22,6% және Шымкентте – 9,3% байқалды. Платформаны алғаш іске қосуға арналған револьверлік қаражат мөлшері 7,6 млрд теңгені құрады. Бүгінгі таңда автосалондарға 463 қатысушы жүгініп, төлем шоттарын алды. Қатысушылар арасында ең танымал автомобиль брендтері – Hyundai және Chevrolet", - делінген хабарламада.
Өңірлер бойынша автомобильге төлем шотын алғандар саны:
Шығыс Қазақстан облысы – 13;
Солтүстік Қазақстан облысы – 7;
Батыс Қазақстан облысы – 2.
Қазіргі таңда бағдарламаға қатысатын банктер жалпы сомасы 2,549 млрд теңгеге өтінім қабылдап, мақұлдады.
Қор жеңілдетілген автокредиттер ай сайын берілетінін атап өтті.
Еске салсақ, 6 ақпан Астана уақытымен тура сағат 10.00-де autonesie.kz сайтында жеңілдетілген автокредитке өтінім қабылдау басталды. Өнеркәсіпті дамыту қорының мәліметінше, 761 қазақстандық платформа ашылғаннан бастап алғашқы 18 секундта өтінімін тіркеп үлгерген. Ал алғашқы минутта сайтқа кіргендер саны 125 мың адамды құрады.