АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik. Түркияда жойқын жер сілкінісі кезінде қаза тапқандардың саны 6 234 адамға жетті, деп хабарлайды РИА Новости ақпарат агенттігі.
Түркияның табиғи апаттардың жою жөніндегі басқарманың мәліметіне сәйкес, зардап шеккен азаматтардың саны 37 мыңнан асты.
"Қазіргі ақпарат бойынша 6 234 адам қаза тапты және 37 011 адам зардап шекті", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, Қазақстан Түркияға құтқарушылар тобын жіберген. Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға 1 миллион доллар және құтқарушылардың тағы бір бортын жіберуге тапсырма берді.
Екінші эшелонның құрамына 60 маман енді. Олардың ішінде құтқарушылар, апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері мен кинологтар бар.