https://sputnik.kz/20230208/qazaqstan-turkiyaga-qutqarushylardyn-ekinshi-toby-zhiberedi-31872879.html
Қазақстандық құтқарушылардың екінші тобы Түркияға аттанады
Қазақстандық құтқарушылардың екінші тобы Түркияға аттанады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға құтқарушылардың тағы бір бортын жіберуге тапсырма... 08.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-08T09:43+0500
2023-02-08T09:43+0500
2023-02-08T10:29+0500
қазақстан
түркия
https://sputnik.kz/img/07e7/02/08/31872630_0:56:1082:665_1920x0_80_0_0_d4279a8db1e8f5462d723e7f7fea7d5b.jpg
АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға құтқарушылардың тағы бір бортын жіберуге тапсырма берді, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.Ресми мәліметке сәйкес, екінші эшелонның құрамына 60 маман енді. Олардың ішінде құтқарушылар, апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері мен кинологтар бар.Осылайша, Газиантеп қаласындағы іздестіру-құтқару жұмыстарына қосылатын қазақстандық құтқарушылардың жалпы саны 100 адамға жетеді. Құтқарушылардың екінші тобы апаттық-құтқару құралдармен бірге дәрі-дәрмектің 160-тан астам түрін алып барады. Айта кетері, бұған дейін қазақстандық құтқарушылар мінген ұшақ Түркияның Газиантеп қаласына қонды барды. Оларға іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін арнайы учаске берілді. Құтқарушылар өзімен бірге біраз құрал-жабдықтарды алып барды.Соның ішінде гидравликалық және пневматикалық жабдықтар, гидравликалық домкраттар, пневмодомкраттар, перфораторлар, жарықтандыру құралдары, палаткалар, спутниктік терминал, каркасты модуль мен автотехника бар. Айта кетері, арнайы ұшақ бүгін Астанаға қайтып шығады. Онымен Қазақстан мен Қырғызстан азаматтарын жіберуге шешім қабылданды.
https://sputnik.kz/20230208/toqaev-turkiyaga-1-million-dollar-zhiberudi-tapsyrdy-31871077.html
қазақстан
түркия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/08/31872630_61:0:1021:720_1920x0_80_0_0_38ef62194994d088833254ac16d50fa7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, түркия
Қазақстандық құтқарушылардың екінші тобы Түркияға аттанады
09:43 08.02.2023 (жаңартылды: 10:29 08.02.2023) АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға құтқарушылардың тағы бір бортын жіберуге тапсырма берді, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
Ресми мәліметке сәйкес, екінші эшелонның құрамына 60 маман енді. Олардың ішінде құтқарушылар, апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері мен кинологтар бар.
Осылайша, Газиантеп қаласындағы іздестіру-құтқару жұмыстарына қосылатын қазақстандық құтқарушылардың жалпы саны 100 адамға жетеді. Құтқарушылардың екінші тобы апаттық-құтқару құралдармен бірге дәрі-дәрмектің 160-тан астам түрін алып барады.
Айта кетері, бұған дейін қазақстандық құтқарушылар мінген ұшақ Түркияның Газиантеп қаласына қонды барды. Оларға іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін арнайы учаске берілді. Құтқарушылар өзімен бірге біраз құрал-жабдықтарды алып барды.
Соның ішінде гидравликалық және пневматикалық жабдықтар, гидравликалық домкраттар, пневмодомкраттар, перфораторлар, жарықтандыру құралдары, палаткалар, спутниктік терминал, каркасты модуль мен автотехника бар.
Айта кетері, арнайы ұшақ бүгін Астанаға қайтып шығады. Онымен Қазақстан мен Қырғызстан азаматтарын жіберуге шешім қабылданды.