Алматыдан Чэндуға тікелей әуе рейсі ашылады

Sputnik
АСТАНА, 8 ақпан - Sputnik. Air Astana Алматыдан Қытайдың Чэнду қаласына тікелей әуе рейстерін жасайды, деп хабарлайды әуекомпанияның баспасөз қызметі.
Сычуань провинциясының орталығына рейстер аптасына бір рет сәрсенбіде ұшады. Алғашқы әуе рейсі 15 ақпанда шығады.

"Алматыдан Чэнду бағытына билет брондаңыз. Қытайдың оңтүстік-батысында орналасқан заманауи қала пейзажын көріп, Қытай дәстүрлерімен танысыңыз", - деп жазды Air Astana.

Еске сала кетсек, Астанадан Бейжіңге де әуе рейстері бар.
Лицензиясы жоқ әуе компаниясының ұшағы аспанға көтерілген бе – комитет жауап берді