Лицензиясы жоқ әуе компаниясының ұшағы аспанға көтерілген бе – комитет жауап берді

© Sputnik / Владислав ВодневСамолет в небе
Самолет в небе - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 10 желтоқсан – Sputnik. Азаматтық авиация комитеті Flight Radar арқылы тіркелген ұшақтың қорғаныс министрлігіне тиесілі екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін журналист Михаил Козачковтың Telegram арнасында лицензиясынан айырылған Bek Air компаниясының ұшағы Алматыда қонғаны туралы ақпарат жарияланды. РК8265 бортын Flight Radar арқылы көрген. Фоккер-100 Алматы қаласына ұшып келді.
"Бірақ мәселе мынада, "Бек Эйрге" рейс орындауға тыйым салған, үш жылдай болып қалды. Мен әуе компаниясының иесі Нұрлан Жұмасұлтановқа хабарластым. Ол лицензияның кері қайтарылғанын растады. Ұшу куәліктері де тоқтатылған. Сонда "Бек Эйр" болып кім ұшқан? Тағы Қырғызстаннан келген террористер емес пе? ", - деп жазды Козачков.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министірлігінің азаматтық авиация комитеті шұғыл желіде жарияланған ақпаратқа түсініктеме берді.
"Михаил Козачковтың әлеуметтік желілерде жариялымына қатысты РК8265 бортының ҚР Қорғаныс министрлігіне тиесілі екенін хабарлаймыз. "Қазаэронавигация" РМК "Бекэйр" әуекомпаниясына бұған дейін тиесілі әуе кемелерінің ұшуын тіркеген жоқ", - делінген ресми хабарламада.
Жаңалықтар
0