Оқиға

Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі болды

Sputnik
АСТАНА, 7 ақпан - Sputnik. Төтенше жағдайлар министрлігі "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 7 ақпан сағат 08.46-да жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 375 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11,2, магнитудасы MPV 4,7, тереңдігі 15 шақырым.

Хабарланғандай, бір күн бұрын Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркеліп, Шымкент пен Таразда 2-3 балдық жер асты дүмпулері сезілген.
Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматыдан батысқа қарай 628 шақырым жерде, Ақшығанақ пен Темірлан елді мекендерінің арасында болған.
Әлем
Ердоған Түркияда 7 күндік жалпыұлттық аза тұту жариялады