Өңірлер

Екібастұз жылу электр орталығында тағы үш қазандық қосылады

Sputnik
ПАВЛОДАР, 7 ақпан - Sputnik. Сейсенбіде Екібастұз жылу электр орталығында жұмыс істеп тұрған қазандықтар саны үштен алтыға дейін артады.
ЖЭО-дағы жұмысқа екі ауысымда 130 адам жұмылдырылған. Павлодардан және еліміздің басқа қалаларынан қосымша бригадалар жұмыс істеп жатыр.
Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Екібастұз қаласының жылу электр орталығы мен жылу желілеріндегі жөндеу жұмыстарымен танысты, деп хабарлады өңір басшысының баспасөз қызметі.
Ол 6 ақпанда барғанда үш қазандық жұмыс істеп тұрған. Жылу беру параметрлері - 52/39.
Қазандықтарды толық тазалауды жүргізу қажет, бірақ жылыту маусымында мұны істеу мүмкін емес, барлық қазандық қондырғыларын тоқтату қажет болады.
Қазір ЖЭО жеті қазандықты күрделі жөндеуден өткізуге дайындық үстінде. Сондай-ақ, қаланың төрт жылу магистралін қайта жаңғырту жоспарланып отыр. Жұмыс көктемде басталады.
Өңірлер
Қыста қысылып отыр: президент Екібастұздағы жағдайға қатысты тапсырма берді