https://sputnik.kz/20230206/ekibastuzdyqtar-qysta-qysylyp-otyr-prezident-tapsyrma-berdi-31786462.html
Қыста қысылып отыр: президент Екібастұздағы жағдайға қатысты тапсырма берді
Қыста қысылып отыр: президент Екібастұздағы жағдайға қатысты тапсырма берді
АСТАНА, 6 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға және Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановқа Екібастұздағы... 06.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-06T11:55+0600
2023-02-06T11:55+0600
2023-02-06T11:58+0600
өңірлер
қасым-жомарт тоқаев
екібастұз
/html/head/meta[@name='og:title']/@content
/html/head/meta[@name='og:description']/@content
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/0b/30253906_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_717cbce508a52d1330f811958f4db49a.jpg
АСТАНА, 6 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға және Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановқа Екібастұздағы қала тұрғындарының пәтерлерінде және әлеуметтік нысандарда температура режимін тұрақтандыру үшін барлық қажетті шараны қабылдауды тапсырды. Сонымен қатар президент жылыту маусымын және жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарының барысын тұрақты бақылауда ұстауға тапсырма берді.Дүйсенбіде Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі Екібастұзда жылу желілерінде анықталған ақауларды жою жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлады.Облыс әкімі Асайын Байханов жөндеу жұмыстары жүргізілген аумақтарды аралап, жұмыс барысымен танысты.Қаланы жылумен қамту жөніндегі жедел штаб отырысында Асайын Байханов Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекиннің, Екібастұз ЖЭО директоры Дмитрий Захаровтың және "Павлодарэнерго" АҚ бас директоры Владимир Лесиннің есептері тыңдалды. Жиында аймақ басшысы тұрғын үйлерді жылумен қамту қызметі үшін төлемді қайта қарауды тапсырды. Владимир Лесиннің айтуынша, "Екібастұзтеплоэнерго" ЖШС-нің сату бөлімі қажетті есептеулерді жүргізіп жатыр. Келесі аптаның басына дейін төлемді қайта есептеу алгоритмін беруге уәде беріп отыр.Тұрғын үй кіреберісін жылытуды қалпына келтіру үшін радиаторлармен қамтамасыз ету мәселесі де пысықталып жатыр. Бүгінде мұндай 287 өтініш түскен.
екібастұз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/0b/30253906_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_3a2d6337bbe5882fa2631e66ddedbb23.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, екібастұз
қасым-жомарт тоқаев, екібастұз
АСТАНА, 6 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға және Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановқа Екібастұздағы қала тұрғындарының пәтерлерінде және әлеуметтік нысандарда температура режимін тұрақтандыру үшін барлық қажетті шараны қабылдауды тапсырды.
Сонымен қатар президент жылыту маусымын және жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарының барысын тұрақты бақылауда ұстауға тапсырма берді.
Дүйсенбіде Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі Екібастұзда жылу желілерінде анықталған ақауларды жою жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлады.
Облыс әкімі Асайын Байханов жөндеу жұмыстары жүргізілген аумақтарды аралап, жұмыс барысымен танысты.
Қаланы жылумен қамту жөніндегі жедел штаб отырысында Асайын Байханов Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекиннің, Екібастұз ЖЭО директоры Дмитрий Захаровтың және "Павлодарэнерго" АҚ бас директоры Владимир Лесиннің есептері тыңдалды. Жиында аймақ басшысы тұрғын үйлерді жылумен қамту қызметі үшін төлемді қайта қарауды тапсырды.
Владимир Лесиннің айтуынша, "Екібастұзтеплоэнерго" ЖШС-нің сату бөлімі қажетті есептеулерді жүргізіп жатыр. Келесі аптаның басына дейін төлемді қайта есептеу алгоритмін беруге уәде беріп отыр.
Тұрғын үй кіреберісін жылытуды қалпына келтіру үшін радиаторлармен қамтамасыз ету мәселесі де пысықталып жатыр. Бүгінде мұндай 287 өтініш түскен.