Оралда жантүршігерлік жол апатынан бір адам қайтыс болды

Sputnik
АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Оралда Toyota Camry көлігі Ауди-80 автокөлігіне соқтығысып, салдарынан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды polisia.kz.
"5 ақпан сағат 02:30 шамасында Орал қаласы Әбілқайырхан даңғылында Toyota Camry Ауди-80 автокөлігіне соқтығысты. Жол апаты салдарынан 33 жастағы Audi жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды", - деп жазылған хабарламада.
28 жастағы Toyota жүргізушісі мен оның 20 жастағы жолаушысы ауруханаға жеткізілді.
Аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Оқиға
Павлодар облысында жол апатынан дін аман қалған жүргізуші бірер минуттан соң көз жұмды