Оқиға

Павлодар облысында жол апатынан дін аман қалған жүргізуші бірер минуттан соң көз жұмды

© Sputnik / Абзал КалиевЖол
Жол - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Павлодар облысында жантүршігерлік жол апаты болды. Екі көлік соқтығысқаннан кейін адамдар далаға шыққан. Сол кезде оларды джип қағып кетті. Бір адам оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Желіде жол апатының видеосы тарады. Куәгерлердің айтуынша, ВАЗ 2110 маркалы көлікте техникалық ақау болған. Қатты жылдамдықпен келе жатқанда кілт тоқтаған. Сол кезде оның артынан Toyota Camry келіп соғылған. ВАЗ аударылып кеткен. Көлік жүргізушілері мен жолаушылар далаға шыққан.
Mercedes-Benz GL 450 тоқтамай, жолда тұрған адамдарды қағып кеткен. Бірнеше адам тосқауылдың арғы жағына ұшып кеткен. Көлік бір адамды бірнеше метр сүйреп өтті.
Ресми мәліметке сәйкес, жол апаты 22 қаңтар шамамен, сағат 18:00-де Павлодар - Қызылорда автожолының 1293-шақырымында болған.
ВАЗ 2110 көлігінің 25 жастағы жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Төрт адам зардап шекті. Олардың біреуі - кәмелетке толмаған бала. Барлығы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі кезде көліктер мамандандырылған тұраққа қойылды. Тексеріс шаралары басталды. Бірқатар сараптама жүргізіледі.
Жаңалықтар
0