Өңірлер

Павлодар облысында балаларды оңалтудың бірыңғай жүйесі құрылады

Балалардың денсаулығын қалпына келтіру орталықтары бірінен соң бірі ашылып, науқастарды қабылдай бастайды
Sputnik
АСТАНА, 4 ақпан – Sputnik. Аймақ басшысы Асаин Байханов жөндеуден кейін ашылған облыстық балаларды оңалту орталығында болды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін Лермонтов көшесіндегі орталық Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментімен бір ғимаратта орналасты. Мемлекеттік мекеме басқа нысанға көшкеннен кейін 300 шаршы метрге жуық аумақ босады.
Балалардың денсаулығын қалпына келтіру орталықтары бірінен соң бірі ашылып, науқастарды қабылдай бастайды
Аумағы 1 486,6 шаршы метрді құрайтын ғимарат күрделі жөндеуден өтіп, емдік жаттығу, кинезотерапия, магнит терапиясы, лазерлік терапия, жарықпен емдеу және гидротерапия, психолог, логопед кабинеттері жасақталды.
Сонымен қатар, қазір орталықта екі бассейн, сенсорика бөлмесі, Монтессори кабинеті, тұз шахтасы және жаттығу залы бар.
Аумағы 1 486 шаршы метр
Орталық жетекшісі Фарида Тұрақбаева айтқандай, бір ауысымда қабылдауға болатын келушілер саны 100-ден 130 балаға дейін артты. Бұл ғимарат жалпы оңалту жүйесінде бірінші болып ашылды.
Алдағы уақытта облыста аутистік спектрі бұзылған балаларға арналған орталық, "Қамқорлық" орталығын ашу жоспарланып, облыстық балалар ауруханасының триаж орталығын салу мәселесі де қарастырылып жатыр.
Бұл ғимарат жалпы оңалту жүйесінде бірінші болып ашылды
Асаин Байханов балаларға көмек көрсететін өңірдегі осындай мекемелер жұмысының маңыздылығын айтты.
"Мұндай оңалту орталықтары біздің балаларымызға өте қажет. Олар көптеген балаларға көмектесе алады. Сондықтан біз облыстағы балаларды оңалту инфрақұрылымын кеңейтіп, жақсартамыз және орталықтарды бір жүйеге келтіреміз", - деді облыс әкімі.
"Мұндай оңалту орталықтары біздің балаларымызға өте қажет"
Аймақ басшысы денсаулық сақтау басқармасына бұл мәселені ерекше бақылауға алып, балалар ауруларының алдын алу үшін ерте оңалтудың отандық және халықаралық үздік әдістерін жинақтауды тапсырды.