Өңірлер

Павлодар облысында балаларды оңалтудың бірыңғай жүйесі құрылады

© Photo : Пресс-служба акима Павлодарской области/Валерий БугаевПавлодар облысында балаларды оңалтудың бірыңғай жүйесі құрылады
Павлодар облысында балаларды оңалтудың бірыңғай жүйесі құрылады - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.02.2023
Жазылу
Балалардың денсаулығын қалпына келтіру орталықтары бірінен соң бірі ашылып, науқастарды қабылдай бастайды
АСТАНА, 4 ақпан – Sputnik. Аймақ басшысы Асаин Байханов жөндеуден кейін ашылған облыстық балаларды оңалту орталығында болды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін Лермонтов көшесіндегі орталық Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментімен бір ғимаратта орналасты. Мемлекеттік мекеме басқа нысанға көшкеннен кейін 300 шаршы метрге жуық аумақ босады.
© Photo : Пресс-служба акима Павлодарской области/Валерий БугаевБалалардың денсаулығын қалпына келтіру орталықтары бірінен соң бірі ашылып, науқастарды қабылдай бастайды
В Павлодарской области создается единая система детской реабилитации - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.02.2023
Балалардың денсаулығын қалпына келтіру орталықтары бірінен соң бірі ашылып, науқастарды қабылдай бастайды
Аумағы 1 486,6 шаршы метрді құрайтын ғимарат күрделі жөндеуден өтіп, емдік жаттығу, кинезотерапия, магнит терапиясы, лазерлік терапия, жарықпен емдеу және гидротерапия, психолог, логопед кабинеттері жасақталды.
Сонымен қатар, қазір орталықта екі бассейн, сенсорика бөлмесі, Монтессори кабинеті, тұз шахтасы және жаттығу залы бар.
© Photo : Пресс-служба акима Павлодарской области/Валерий БугаевАумағы 1 486 шаршы метр
В Павлодарской области создается единая система детской реабилитации - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.02.2023
Аумағы 1 486 шаршы метр
Орталық жетекшісі Фарида Тұрақбаева айтқандай, бір ауысымда қабылдауға болатын келушілер саны 100-ден 130 балаға дейін артты. Бұл ғимарат жалпы оңалту жүйесінде бірінші болып ашылды.
Алдағы уақытта облыста аутистік спектрі бұзылған балаларға арналған орталық, "Қамқорлық" орталығын ашу жоспарланып, облыстық балалар ауруханасының триаж орталығын салу мәселесі де қарастырылып жатыр.
© Photo : Пресс-служба акима Павлодарской области/Валерий БугаевБұл ғимарат жалпы оңалту жүйесінде бірінші болып ашылды
В Павлодарской области создается единая система детской реабилитации - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.02.2023
Бұл ғимарат жалпы оңалту жүйесінде бірінші болып ашылды
Асаин Байханов балаларға көмек көрсететін өңірдегі осындай мекемелер жұмысының маңыздылығын айтты.
"Мұндай оңалту орталықтары біздің балаларымызға өте қажет. Олар көптеген балаларға көмектесе алады. Сондықтан біз облыстағы балаларды оңалту инфрақұрылымын кеңейтіп, жақсартамыз және орталықтарды бір жүйеге келтіреміз", - деді облыс әкімі.
© Photo : Пресс-служба акима Павлодарской области/Валерий Бугаев"Мұндай оңалту орталықтары біздің балаларымызға өте қажет"
В Павлодарской области создается единая система детской реабилитации - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.02.2023
"Мұндай оңалту орталықтары біздің балаларымызға өте қажет"
Аймақ басшысы денсаулық сақтау басқармасына бұл мәселені ерекше бақылауға алып, балалар ауруларының алдын алу үшін ерте оңалтудың отандық және халықаралық үздік әдістерін жинақтауды тапсырды.
Жаңалықтар
0