Павлодар әкімі қаланы дамыту жоспары туралы айтты

Sputnik
АСТАНА, 4 ақпан – Sputnik. Павлодар әкімі Ержан Иманзайыпов аймақ басшысы Асаин Байхановқа тұрғын үймен қамтамасыз ету, жылумен қамту және қаланы одан әрі абаттандыру жұмыстары туралы баяндады.
Биыл 297,7 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сонымен қатар ЖЭО-1 қазандығы да қайта жаңғыртылады, ол бойынша ERG басшылығымен келісім жасалды. Бұл қосымша 112 Гкал жылу береді және жылу энергиясының тапшылығын азайтады.
Орталық жағалауды және Усолка өзенінің жағалауын, қалалық саябақтар мен алаңдарды абаттандыру, орамішілік аумақтарды, спорт алаңдарын ретке келтіру жұмыстары жалғасады.
Атап айтқанда, облыс әкімі КазПравды көшесін үлкен айналма жолға дейін ұзарту, сондай-ақ орталық жағалаудың ұзындығын ұлғайту үшін өзен бекетінен Усолка өзенінің арғы бетіне жаяу жүргіншілер көпірін салу жобаларын дайындауды тапсырды. Сонымен қатар аймақ басшысы қалада велошабандоздар үшін бөлек бағдар салуды ұсынды. Қоғамдық көлікті одан әрі дамыту мәселесі де назардан тыс қалмады.
Бұрын хабарланғандай, Павлодар мен Екібастұзға осы жылдың мамыр айының соңына дейін 140 жаңа автобус беріледі. Трамвай қозғалысы дамып, оның бағыттары кеңейеді. Елді мекендерді дамыту бойынша осындай кездесулер облыстың басқа қалалары мен аудандарында өтеді.