https://sputnik.kz/20230204/pavlodar-akimi-qalany-damytu-zhosparlarymen-bolisti-31764556.html
Павлодар әкімі қаланы дамыту жоспары туралы айтты
Павлодар әкімі қаланы дамыту жоспары туралы айтты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 4 ақпан – Sputnik. Павлодар әкімі Ержан Иманзайыпов аймақ басшысы Асаин Байхановқа тұрғын үймен қамтамасыз ету, жылумен қамту және қаланы одан әрі... 04.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-04T19:57+0500
2023-02-04T19:57+0500
2023-02-04T19:57+0500
павлодар облысы
https://sputnik.kz/img/1275/25/12752501_1:0:1500:843_1920x0_80_0_0_60d61296bd56a5cfa2168abf5bf4eed1.jpg
АСТАНА, 4 ақпан – Sputnik. Павлодар әкімі Ержан Иманзайыпов аймақ басшысы Асаин Байхановқа тұрғын үймен қамтамасыз ету, жылумен қамту және қаланы одан әрі абаттандыру жұмыстары туралы баяндады. Биыл 297,7 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сонымен қатар ЖЭО-1 қазандығы да қайта жаңғыртылады, ол бойынша ERG басшылығымен келісім жасалды. Бұл қосымша 112 Гкал жылу береді және жылу энергиясының тапшылығын азайтады. Орталық жағалауды және Усолка өзенінің жағалауын, қалалық саябақтар мен алаңдарды абаттандыру, орамішілік аумақтарды, спорт алаңдарын ретке келтіру жұмыстары жалғасады. Атап айтқанда, облыс әкімі КазПравды көшесін үлкен айналма жолға дейін ұзарту, сондай-ақ орталық жағалаудың ұзындығын ұлғайту үшін өзен бекетінен Усолка өзенінің арғы бетіне жаяу жүргіншілер көпірін салу жобаларын дайындауды тапсырды. Сонымен қатар аймақ басшысы қалада велошабандоздар үшін бөлек бағдар салуды ұсынды. Қоғамдық көлікті одан әрі дамыту мәселесі де назардан тыс қалмады. Бұрын хабарланғандай, Павлодар мен Екібастұзға осы жылдың мамыр айының соңына дейін 140 жаңа автобус беріледі. Трамвай қозғалысы дамып, оның бағыттары кеңейеді. Елді мекендерді дамыту бойынша осындай кездесулер облыстың басқа қалалары мен аудандарында өтеді.
павлодар облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1275/25/12752501_188:0:1312:843_1920x0_80_0_0_67f3d771d3bc7f1a34cae97f63a10d53.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар облысы
АСТАНА, 4 ақпан – Sputnik. Павлодар әкімі Ержан Иманзайыпов аймақ басшысы Асаин Байхановқа тұрғын үймен қамтамасыз ету, жылумен қамту және қаланы одан әрі абаттандыру жұмыстары туралы баяндады.
Биыл 297,7 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сонымен қатар ЖЭО-1 қазандығы да қайта жаңғыртылады, ол бойынша ERG басшылығымен келісім жасалды. Бұл қосымша 112 Гкал жылу береді және жылу энергиясының тапшылығын азайтады.
Орталық жағалауды және Усолка өзенінің жағалауын, қалалық саябақтар мен алаңдарды абаттандыру, орамішілік аумақтарды, спорт алаңдарын ретке келтіру жұмыстары жалғасады.
Атап айтқанда, облыс әкімі КазПравды көшесін үлкен айналма жолға дейін ұзарту, сондай-ақ орталық жағалаудың ұзындығын ұлғайту үшін өзен бекетінен Усолка өзенінің арғы бетіне жаяу жүргіншілер көпірін салу жобаларын дайындауды тапсырды. Сонымен қатар аймақ басшысы қалада велошабандоздар үшін бөлек бағдар салуды ұсынды. Қоғамдық көлікті одан әрі дамыту мәселесі де назардан тыс қалмады.
Бұрын хабарланғандай, Павлодар мен Екібастұзға осы жылдың мамыр айының соңына дейін 140 жаңа автобус беріледі. Трамвай қозғалысы дамып, оның бағыттары кеңейеді. Елді мекендерді дамыту бойынша осындай кездесулер облыстың басқа қалалары мен аудандарында өтеді.