АСТАНА, 4 ақпан - Sputnik. Өткен тәулікте республикада коронавирус инфекциясының 76 жаңа жағдайы анықталды. Бір күн бұрын ауруға шалдыққандар саны 91 адам еді.
4 ақпандағы жағдай бойынша 1 603 адам коронавирустан емделуді жалғастырып жатыр. Оның 121-і стационарда, 1482-сі амбулаторлық емделуде.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, науқастардың арасында:
жағдайы ауыр – 6 науқас;
өте ауыр жағдайда – 1 науқас;
өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған – 1 науқас.
2020 жылдың наурыз айынан бері елде барлығы 1 406 146 адамда коронавирус инфекциясы тіркелді.