https://sputnik.kz/20221207/zharty-millionnan-astam-astanalyq-koronavirusqa-qarsy-vaktsina-aldy-30094099.html
Жарты миллионнан астам астаналық коронавирусқа қарсы вакцина алды
Жарты миллионнан астам астаналық коронавирусқа қарсы вакцина алды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 7 желтоқсан – Sputnik. Елордада коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компоненті 537 863 адамға егілді, 520 822 адам толық иммундаудан өтті. Бұл... 07.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-07T21:51+0500
2022-12-07T21:51+0500
2022-12-07T21:51+0500
коронавирус
вакцина
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/08/18861339_0:178:3010:1871_1920x0_80_0_0_7947956c7af0a71a8f21b6fec198b50a.jpg
АСТАНА, 7 желтоқсан – Sputnik. Елордада коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компоненті 537 863 адамға егілді, 520 822 адам толық иммундаудан өтті. Бұл туралы брифингте қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Берік Қайкенов айтты, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.Қазіргі уақытта халықты коронавирусқа қарсы иммундау үшін елордада 12 мыңға жуық вакцина бар. МСАК ұйымдарында 34 егу кабинеті жұмыс істейді. Бүгінгі таңда елорданың алты инфекциялық стационарында коронавирус пен ковид пневмониясынан 105 пациент емделуде. 184 төсек-орынның 53,8% толған. Реанимация бөлімшесінде 7 пациент ем алады, оның төртеуі жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.Амбулаториялық деңгейде МСАК ұйымдарында 170 адам емделуде.Берік Қайкенов коронавирусқа қарсы вакцинация ең күшті профилактикалық шара болғанын және солай болып қала беретінін атап өтті. Вакцина аурудың ауыр өтуінен, асқынудан және өлімнен қорғайды."Уақтылы вакцинациялау және ревакцинациялау кезінде адам 90 пайыздан астам жағдайда аурудың ауыр өтуінен қорғалады. Қазіргі уақытта халықты коронавирустан иммундау үшін елордада 12 мыңға жуық вакцина бар: Казвак, Синофарм және Пфайзер. МСАК ұйымдарында 34 егу кабинеті жұмыс істейді", - деді спикер.Жүкті әйелдер, балалар және қауіп тобына жататын 60 жастан асқан адамдар және жүрек, қан тамырлары, бауыр, бүйрек аурулары бар коморбидті науқастар коронавирус инфекциясының ерекше ауыр түріне ұшырайды."Ауру адамдар арасында көбісі вакцинацияланбаған. Вакцина сізді де, айналаңыздағыларды да қорғайтынын тағы да ерекше атап өткім келеді. Толық иммундау курсынан кейін ауырып қалсаңыз да, ауру сіз ойлағаннан әлдеқайда жеңіл өтеді. Вакцинация кезінде антигенді енгізуге жауап ретінде ағзада антиденелер, вируспен күресуге көмектесетін қорғаныс жасушалары түзіледі", - деп түсіндірді Қайкенов.Қорытындылай келе, ол қала тұрғындарын санитарлық нормаларды сақтауға, жеке гигиенаны ұмытпауға, иммундық қорғаныс деңгейін жақсартуға және денсаулығын күтуге шақырды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/08/18861339_141:0:2870:2047_1920x0_80_0_0_f71ea3a3d9ea057a9628401fcaa028ef.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
коронавирус, вакцина
АСТАНА, 7 желтоқсан – Sputnik. Елордада коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компоненті 537 863 адамға егілді, 520 822 адам толық иммундаудан өтті. Бұл туралы брифингте қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Берік Қайкенов айтты, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми
сайты.
Қазіргі уақытта халықты коронавирусқа қарсы иммундау үшін елордада 12 мыңға жуық вакцина бар. МСАК ұйымдарында 34 егу кабинеті жұмыс істейді. Бүгінгі таңда елорданың алты инфекциялық стационарында коронавирус пен ковид пневмониясынан 105 пациент емделуде. 184 төсек-орынның 53,8% толған. Реанимация бөлімшесінде 7 пациент ем алады, оның төртеуі жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.
Амбулаториялық деңгейде МСАК ұйымдарында 170 адам емделуде.
"2 апта ішінде коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастардың өсуіне коронавирус инфекциясына қарсы иммунитеті бар адамдардың азаюы негізгі себеп болып отыр, яғни вакцинацияланған адамдар мен соңғы 6 айда ауырып, антиденелер санының жоғары деңгейі бар адамдар саны кеміген. Уақытылы ревакцинациядан өту қажет", - деп түсіндірді Қайкенов.
Берік Қайкенов коронавирусқа қарсы вакцинация ең күшті профилактикалық шара болғанын және солай болып қала беретінін атап өтті. Вакцина аурудың ауыр өтуінен, асқынудан және өлімнен қорғайды.
"Уақтылы вакцинациялау және ревакцинациялау кезінде адам 90 пайыздан астам жағдайда аурудың ауыр өтуінен қорғалады. Қазіргі уақытта халықты коронавирустан иммундау үшін елордада 12 мыңға жуық вакцина бар: Казвак, Синофарм және Пфайзер. МСАК ұйымдарында 34 егу кабинеті жұмыс істейді", - деді спикер.
Жүкті әйелдер, балалар және қауіп тобына жататын 60 жастан асқан адамдар және жүрек, қан тамырлары, бауыр, бүйрек аурулары бар коморбидті науқастар коронавирус инфекциясының ерекше ауыр түріне ұшырайды.
"Ауру адамдар арасында көбісі вакцинацияланбаған. Вакцина сізді де, айналаңыздағыларды да қорғайтынын тағы да ерекше атап өткім келеді. Толық иммундау курсынан кейін ауырып қалсаңыз да, ауру сіз ойлағаннан әлдеқайда жеңіл өтеді. Вакцинация кезінде антигенді енгізуге жауап ретінде ағзада антиденелер, вируспен күресуге көмектесетін қорғаныс жасушалары түзіледі", - деп түсіндірді Қайкенов.
Қорытындылай келе, ол қала тұрғындарын санитарлық нормаларды сақтауға, жеке гигиенаны ұмытпауға, иммундық қорғаныс деңгейін жақсартуға және денсаулығын күтуге шақырды.