АСТАНА, 3 ақпан – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрлгігі Түркістан облысындағы су тасқынын дроннан көрсетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Видеода су басқан үйлердің арнаға жақын орналасқанын анық байқауға болады.
"Қазіргі уақытта еріген қар және жаңбыр суларының мол түсуіне байланысты Арыс қаласы арқылы өтетін Қабылсай арнасы толып жатыр", - дейді құтқарушылар.
Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқару бөлімшелері түні бойы су тасқынымен арпалысты. Құм салынған қаптарды үйіп, суды сору шараларын атқарды.
Қазгидрометтің болжамына сәйкес, бүгін облыстың басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Ауа температурасы көтеріледі. Соның салдарынан қар тез еріп, өзен сулары көтеріледі.