Түркістан облысындағы су тасқынына байланысты жедел штаб құрылды

© Photo : Пресс-служба МЧС КазахстанаҚұтқарушылар су тасқынынан кейін тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр
Құтқарушылар су тасқынынан кейін тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2023
Жазылу
Төтенше жағдай министрі Түркістан облысына өзі барады
АЛМАТЫ, 2 ақпан – Sputnik. Түркістан облысында төтенше жағдайлар министрлігінің республикалық жедел штабы құрылды.
Қазіргі күні облыста 300-ден астам адам, 50-ден астам техника, 25 мотопомпа суды сорып шығаруға және ағызуға жұмылдырылған, деп хабарлады министрлік.
Таулы аумақтарға жауын-шашын көп түсіп, бірден еріген қар суынан Түркістан облысының бірнеше ауылы зардап шегіп отыр.
154 адам эвакуацияланды. Халықты уақытша орналастыру үшін Сауран ауданында 4 эвакуациялық пункт дайындалды. Үйлерді тасыған судан аман алып қалу үшін 2500 бірлік көлемінде құм салынған қап төселді.
Майдантал ауылында суды бұрудың нәтижесінде аула учаскелерін су басқан жоқ.
Облыстық маңызы бар 11 автомобиль жолының 23 учаскесін су шайып кетті.
Ордабасы ауданындағы "Найман" және "Құртай" суару каналдарында су деңгейі көтеріліп кеткен. Қазіргі уақытта суды Арыс өзеніне ағызу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Жауын-шашын тоқтағанымен қызыл судың беті қайтар емес.
Суды соруға және ағызуға барлығы 300-ден астам адам, 50-ден астам техника, 25 мотопомпа жұмылдырылған.
Естеріңізге сала кетейік, 3 аудандағы таулы жерлерде болған жауын-шашын мен қардың тез еруіне байланысты Бәйдібек (Шаян, Таңатар, Ынтымақ, Ақбұлақ, Шақпақ, Бірлік, Мыңбұлақ, Қосбұлақ), Сауран (Бабайқорған, Абай, Үлгілі, Оранғай, Майдантал, Шаға), Ордабасы (Шұбарсу, Бадам, Шұбар) елді мекендерін сел басты. 17 ауылда көшелер мен аула учаскелері су астында қалды.
Жаңалықтар
0