Өңірлер

Павлодарда полицейлер көлік тұрағында итті атып кеткен ер адамды тапты

Sputnik
ПАВЛОДАР, 3 ақпан – Sputnik. Полицейлер жануарларға қатыгездік танытты деген күдікке ілінген ер адамды анықтады, деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.
"Ол ТОЗ-34 12 калибрлі тегіс қос ұңғылы шолақ мылтықтан оқ атқан Павлодар қаласының тұрғыны болып шықты. Ер адамның қару сақтауға рұқсаты бар. Қазіргі уақытта мылтық тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілді. Қылмыстық кодекстің 316-бабы бойынша ("Жануарларға қатыгездік таныту") жүргізіліп жатыр", - деді Павлодар қалалық ІІБ Оңтүстік полиция басқармасының бастығы Павел Павлов.
Олар ер адамнан ешқайда кетпеу туралы қолхат алған.
Сәрсенбі күні Павлодарда Гагарин көшесінің бойындағы көлік тұрағында джип жүргізушісі итке оқ атып, өзі кетіп қалған.
Полицейлер оқиға орнын тексеріп, бейнебақылау камерасындағы видеоны зерттеді. Оқ атқан адамның кім екенін анықтады.
Өңірлер
Павлодарлық полицейлер итті атып, өзі қашып кеткен жүргізушіні іздестіріп жатыр