https://sputnik.kz/20230202/pavlodarlyq-politseyler-itti-atyp-ozi-qashyp-ketken-zhurgizushini-izdestirip-zhatyr-31663463.html
Павлодарлық полицейлер итті атып, өзі қашып кеткен жүргізушіні іздестіріп жатыр
Павлодарлық полицейлер итті атып, өзі қашып кеткен жүргізушіні іздестіріп жатыр
ПАВЛОДАР, 2 ақпан - Sputnik. Павлодарлық тәртіп сақшылары көлік тұрағында итке оқ атқан жүргізушіні іздестіріп жатыр, деп хабарлады Павлодар облысының полиция... 02.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-02T09:13+0600
2023-02-02T09:13+0600
2023-02-02T09:13+0600
өңірлер
павлодар
ит
жүргізуші
/html/head/meta[@name='og:title']/@content
/html/head/meta[@name='og:description']/@content
https://sputnik.kz/img/84/49/844970_0:45:3075:1775_1920x0_80_0_0_4b8d257b2e65e4a45e66aae0b1152c1b.jpg
ПАВЛОДАР, 2 ақпан - Sputnik. Павлодарлық тәртіп сақшылары көлік тұрағында итке оқ атқан жүргізушіні іздестіріп жатыр, деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.Кеше, 1 ақпанда белгісіз жүргізуші итті атып тастап, көлігіне отырып кетіп қалған. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді. Олар оқиға орнын қарап шығып, бейнебақылау камерасынан түсірілген бейнені зерттеді.Тәртіп сақшылары қазір бұл фактіге қатысы бар тұлғаларды анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын атап өтті.Иттің жағдайы ауыр, хайуанаттар бағының еріктілерімен бірге ветеринарлық клиникаға жеткізілді.Осы бап бойынша кінәліге 120 АЕК (414 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін. 120 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартуға не 30 тәулікке дейін қамауға алу жазасы да қарастырылған. Ал ит аман қалмаса, жаза бұдан да қатал болады.
павлодар
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/84/49/844970_257:0:2988:2048_1920x0_80_0_0_b5112bcc34f1d7622bda7cfff3cc66b1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
павлодар, ит, жүргізуші
Павлодарлық полицейлер итті атып, өзі қашып кеткен жүргізушіні іздестіріп жатыр
ПАВЛОДАР, 2 ақпан - Sputnik. Павлодарлық тәртіп сақшылары көлік тұрағында итке оқ атқан жүргізушіні іздестіріп жатыр, деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Кеше, 1 ақпанда белгісіз жүргізуші итті атып тастап, көлігіне отырып кетіп қалған. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді. Олар оқиға орнын қарап шығып, бейнебақылау камерасынан түсірілген бейнені зерттеді.
"Қылмыстық кодекстің 316-бабы (Жануарларға қатыгездік көрсету) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", - деді Павлодар қаласының Оңтүстік полиция басқармасының бастығы Павел Павлов.
Тәртіп сақшылары қазір бұл фактіге қатысы бар тұлғаларды анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Иттің жағдайы ауыр, хайуанаттар бағының еріктілерімен бірге ветеринарлық клиникаға жеткізілді.
Осы бап бойынша кінәліге 120 АЕК (414 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін. 120 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартуға не 30 тәулікке дейін қамауға алу жазасы да қарастырылған. Ал ит аман қалмаса, жаза бұдан да қатал болады.