АСТАНА, 3 ақпан – Sputnik. Digital Almaty-2023 жылсайынғы халықаралық цифрлық форумында "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы OneWeb – Network Access Associates Ltd. халықаралық спутниктік байланыс компаниясымен меморандумға қол қойды.
Ынтымақтастық аясында Қазақстандағы темір жолда OneWeb спутниктік терминалдарын сынақтан өткізуді бастау жоспарланып отыр, деп хабарлады ұлттық компанияның баспасөз қызметі.
ҚТЖ басқарма төрағасының стратегия және цифрландыру жөніндегі орынбасары Әнуар Ахметжановтың айтуынша, төмен орбиталық спутниктік топтан сигналды қабылдау байланыс тұрақтылығын және оны станцияларда резервтік арна ретінде пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Бұл шалғайдағы нысандар мен пойыздарды байланыс және интернетпен жабдықтауға мүмкіндік береді, деп жазылған хабарламада.