https://sputnik.kz/20220707/qazaqstan-temir-zholy-zhangyrtu-prezident-25981517.html
"Қазақстан темір жолын" толықтай жаңғырту қажет – президент
"Қазақстан темір жолын" толықтай жаңғырту қажет – президент
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясын толықтай жаңғырту қажет деп есептейді. Бұл туралы... 07.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-07T11:41+0500
2022-07-07T11:41+0500
2022-07-07T11:41+0500
теміржол
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e5/08/0a/17823291_0:211:2997:1896_1920x0_80_0_0_9f58af3275e66a007cb8fcbe9a57bf70.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясын толықтай жаңғырту қажет деп есептейді. Бұл туралы ол көлік-транзит әлеуетін дамыту жөніндегі кеңес айтты, деп хабарлады Ақорда.Президенттің пікірінше, отандық өнімнің экспортқа қауіпсіз әрі үздіксіз шығарылуын қамтамасыз ету үшін кешенді шаралар қабылдау қажет.Мемлекет басшысы еліміздің Орталық Азия аймағындағы көшбасшылығын сақтап, Қазақстанды сенімді транзиттік хаб ретінде дамыту керек екенін айтты. Осы мақсатта балама теміржол бағыттарын қалыптастыру қажет. Бұл жерде Достық – Мойынты, Бақты – Аягөз, Мақтаарал – Дарбаза жобаларын жүзеге асыру, Алматы қаласын айналып өтетін теміржол желісін салу жөнінде сөз болып отыр."Отандық теміржол саласында машина жасау ісін дамытуға баса мән беру қажет. Оның алғышарттары бар. Қазақстандық өндірушілерді белсенді түрде қолдау керек", – деді мемлекет басшысы.Қасым-Жомарт Тоқаев теміржол паркінің жұмысын жандандыру және жолдарға күрделі жөндеу жүргізу жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/08/0a/17823291_133:0:2800:2000_1920x0_80_0_0_7cdab30260d8b42d699e9d668a8baf92.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
теміржол, қасым-жомарт тоқаев
теміржол, қасым-жомарт тоқаев
"Қазақстан темір жолын" толықтай жаңғырту қажет – президент
НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясын толықтай жаңғырту қажет деп есептейді. Бұл туралы ол көлік-транзит әлеуетін дамыту жөніндегі кеңес айтты, деп хабарлады Ақорда.
"Қазақстан теміржолын ұлттық көлік-логистика компаниясы ретінде трансформациялайтын уақыт келді деп ойлаймын. Бұл ҚТЖ-ның мандаты мен міндеттерін кеңейтуге, компанияға еліміздің көлік-транзит әлеуетін дамыту жұмыстарын кешенді түрде жүргізуге мүмкіндік береді", – деді президент.
Президенттің пікірінше, отандық өнімнің экспортқа қауіпсіз әрі үздіксіз шығарылуын қамтамасыз ету үшін кешенді шаралар қабылдау қажет.
Мемлекет басшысы еліміздің Орталық Азия аймағындағы көшбасшылығын сақтап, Қазақстанды сенімді транзиттік хаб ретінде дамыту керек екенін айтты. Осы мақсатта балама теміржол бағыттарын қалыптастыру қажет. Бұл жерде Достық – Мойынты, Бақты – Аягөз, Мақтаарал – Дарбаза жобаларын жүзеге асыру, Алматы қаласын айналып өтетін теміржол желісін салу жөнінде сөз болып отыр.
"Отандық теміржол саласында машина жасау ісін дамытуға баса мән беру қажет. Оның алғышарттары бар. Қазақстандық өндірушілерді белсенді түрде қолдау керек", – деді мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев теміржол паркінің жұмысын жандандыру және жолдарға күрделі жөндеу жүргізу жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.