ЕАЭО қызметі тек экономикалық бағытта болуға тиіс – Смайылов

Sputnik
АСТАНА, 2 ақпан – Sputnik. Алматыда Еуразия үкіметаралық кеңесінің отырысы қарсаңында премьер-министр Әлихан Смайылов Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясниковичпен кездесті.
Тараптар ЕАЭО аясында кедергілерді жою, бұрын қабылданған стратегиялық құжаттарды іске асыруға ғылыми негізді күшейту, сондай-ақ Сауда және техникалық реттеу блоктары жөніндегі комиссия жұмысының мәселелерін талқылады, деп хабарлады үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Әлихан Смайыловтың айтуынша, Қазақстан ЕАЭО қызметі тек экономикалық бағытта болуға тиіс деген ұстанымды басшылыққа алады.
"Барлық шешім экономикалық прагматизмге негізделуі керек", — деді премьер-министр.
Ал Михаил Мясникович Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының оң көрсеткіштері ЕАЭО елдерімен өзара сауданы одан әрі кеңейту үшін қолайлы жағдайлар жасайтынын атап өтті.
Тоқаев Қазақстанның ЕАЭО-дағы ұстанымы туралы: халық интеграцияның пайдасын сезінуі керек