Тоқаев Қазақстанның ЕАЭО-дағы ұстанымы туралы: халық интеграцияның пайдасын сезінуі керек

© PhotoПрезидент Казахстана Касым-Жомарт Токаев на заседании Высшего Евразийского экономического совета в Бишкеке
Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев на заседании Высшего Евразийского экономического совета в Бишкеке - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 9 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан шын көңілмен интеграцияны дамытуға ниетті. Ал біздің хақымыз бен кәсіпкерлеріміз сол интеграцияның пайдасын сезінуі керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекете өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында осылай айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Президент Қазақстанның ЕАЭО аясында интеграцияны іс жүзінде дамыту мүдделі екенін ерекше атап өтті.
"Қазақстан тарапынан интеграциялық үдерістерді "тежеу" туралы сөз қозғаудың да қажеті жоқ. Қазақстан, керісінше, одаққа қатысушы мемлекеттердің мүддесін ескере отырып, ЕАЭО келісімшартына сай экономикалық интеграцияны оңтайландыру және жетілдіруге бар күш-жігерін салып жатыр. Әрине, еліміздің ұлттық мүддесі де ескеріледі", - деді Тоқаев.
Оның айтуынша, одақ халықтары, соның ішінде Қазақстан халқы мен отандық кәсіпкерлер ондай интеграцияның пайдасын және нәтижесін көруі керек.
"Бізді нақты бағыттағы жұмыстар алаңдатып отыр. Атап айтқанда, одақтың цифрлық күн тәртібі баяу атқарылып келеді. Қазіргі кезде Қазақстан осы бағытта айтарлықтай алға шығып кетті. БҰҰ мәліметіне сәйкес, біздің еліміз әлемдегі ең цифрландырылған отыз елдің қатарына кіреді. Қазақстанда мемлекеттік қызметтердің 90 проценті электронды форматта ұсынылады. IT технологиялар мен инновацияларды дамытуға заң жүзінде барлық жағдай жасалған. Халықаралық IT-стартаптар технопаркі, криптоиндустрия сәтті жұмыс істеп жатыр. Цифрлық теңге енгізіледі ", - деп атап көрсетті мемлекет басшысы.
Осы орайда Тоқаев Ресей, Беларус пен Арменияның осы саладағы тәжірибесін пайдаланып, ЕАЭО-ның цифрлық технологиялар, крипто жүйе мен қаржы жүйесі дамыған аймаққа айналдыру қажеттігін жеткізді.
"Еңбек миграциясы мәселесіне де ерекше назар аудару қажет деп есептеймін. Қазіргі сын-қатерлер бұл саланың маңызды екенін айқындай түседі. Бір орында тұрып қалмай, жаңа тәсілдерді ұсыну маңызды. Соның ішінде жұмыс іздеу, жұмысқа орналастыру рәсімдерін жеңілдету, еңбек мигранттары мен олардың отбасыларына әлеуметтік кепілдіктер беру ісіне жаңа тәсілдер керек. Азаматтар интеграциялық жобаның пайдасын толық сезінуі керек", - деді Тоқаев.
Жаңалықтар
0