Оқиға

Алматыда екі автобус соқтығысты - бірнеше адам жарақат алды

Sputnik
АЛМАТЫ, 2 ақпан – Sputnik. Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында екі автобус соқтығысты, деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға бүгін сағат таңғы 08:30-да болған.
Полицияның мәліметінше, Әл-Фараби даңғылымен батыс бағытта келе жатқан Yutong жүргізушісі арақашықтықты сақтамай аялдамада тұрған 116-бағыттағы SAZ автобусымен соқтығысқан.
Алдын ала мәлімет бойынша, алты адам дене жарақатын алған. Оқиғаның себеп-салдары тексеріліп жатыр.
Қоғам
Нұр-Сұлтанда автобустың ішінде қызға тиіскен ер адам қамауға алынды