https://sputnik.kz/20220522/nur-sultan-avtobus-qyz-er-adam-qamau-24972190.html
Нұр-Сұлтанда автобустың ішінде қызға тиіскен ер адам қамауға алынды
Нұр-Сұлтанда автобустың ішінде қызға тиіскен ер адам қамауға алынды
Sputnik Қазақстан
Тәртіп сақшылары отыз үш жастағы ер адамды көп ұзамай ұстады 22.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-22T11:45+0500
2022-05-22T11:45+0500
2022-05-22T11:58+0500
қоғам
автобус
қыз
ер адам
https://sputnik.kz/img/473/91/4739198_0:38:2846:1640_1920x0_80_0_0_46e9125ceefdfded8aec53ebc0348b45.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. Елорда тұрғыны автобус салонында кәмелет жасқа толмаған қызға тиіскені үшін он тәулікке қамалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Ресми мәліметке сәйкес, 19 мамырда кешкі сағат 20:12 кезінде Сарыарқа аудандық полиция басқармасына автобусқа мінген ер адам туралы ақпарат түсті. Ол кәмелет жасқа толмаған қыздың қыр соңынан қалмай, тиіскен. Тәртіп сақшылары бірден іздестіру шараларына кірісіп, көп ұзамай 33 жастағы ер адамды ұстады."Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы бойынша хаттама рәсімделді. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен ол 10 тәулікке қамалды", - дейді полицейлер.Департамент мамандары заңсыз әрекеттер бойынша бірден "102"-ге хабарласуға кеңес берді.Айта кетері, 434-бапта ұсақ бұзақылық үшін жаза қарастырылған. Атап айтқанда, қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер 5 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады. Ал бұл әрекеттер бір жылда қайталанса, 15 тәулікке жауып тастайды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/473/91/4739198_114:0:2846:2048_1920x0_80_0_0_a4454aaf295f5d86de2dc829244ac632.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
автобус, қыз, ер адам
Нұр-Сұлтанда автобустың ішінде қызға тиіскен ер адам қамауға алынды
11:45 22.05.2022 (жаңартылды: 11:58 22.05.2022) Тәртіп сақшылары отыз үш жастағы ер адамды көп ұзамай ұстады
НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. Елорда тұрғыны автобус салонында кәмелет жасқа толмаған қызға тиіскені үшін он тәулікке қамалды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Ресми мәліметке сәйкес, 19 мамырда кешкі сағат 20:12 кезінде Сарыарқа аудандық полиция басқармасына автобусқа мінген ер адам туралы ақпарат түсті. Ол кәмелет жасқа толмаған қыздың қыр соңынан қалмай, тиіскен. Тәртіп сақшылары бірден іздестіру шараларына кірісіп, көп ұзамай 33 жастағы ер адамды ұстады.
"Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы бойынша хаттама рәсімделді. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен ол 10 тәулікке қамалды", - дейді полицейлер.
Департамент мамандары заңсыз әрекеттер бойынша бірден "102"-ге хабарласуға кеңес берді.
Айта кетері, 434-бапта ұсақ бұзақылық үшін жаза қарастырылған. Атап айтқанда, қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер 5 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады. Ал бұл әрекеттер бір жылда қайталанса, 15 тәулікке жауып тастайды.