Қоғам

Қазақстандықтардың "азаматтық некеге" көзқарасы қандай

Sputnik
АСТАНА, 1 ақпан – Sputnik. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанындағы "Қазақстандық қоғамдық даму институты" басқарма төрағасы Нұрбек Матжани қазақстандықтардың "азаматтық некеге" көзқарасы қандай екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Институт "Қазақстандық отбасылар – 2022" ұлттық баяндамасын дайындау аясында өңірлерде әлеуметтік сауалнама жүргізген. Сауалнама барысында қоғамның тіркелмеген некеге қалай қарайтыны да зерделенген.

"Орташа алғанда барлық жастағы адамдардың шамамен 25%-і "азаматтық некеге" оң көзқараспен және 30%-тен астамы бейтарап қарайды. Яғни Қазақстандағы әрбір бесінші неке тіркелмеуі мүмкін. Ал қолдамайтындардың үлесі – 32,8 процент", - деді Матжани орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ бала тууды жоспарлау бойынша да сауалнама жүргізілді.
Матжанидің айтуынша, сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 73,5%-і бала тууды жоспарлау қажет деп санайды. 15,2 пайызы жоспарлаудың қажеті жоқ деп есептесе, 11,3%-і бұл сұраққа жауап бере алмаған.
Қоғам
Қазақстандықтар үйленуге асықпайды: неке қиғандар саны азайып кеткен