Жетісу облысында көлік каналдың шлюзіне соғылды – бір адам қаза тапты

Sputnik
ТАЛДЫҚОРҒАН, 31 қаңтар – Sputnik. Жаркент маңында жеңіл көлік су жинауға арналған конструкцияға соғылды. Салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жол апаты 29 қаңтар күні кешкі уақытта Панфилов ауданындағы Үшарал-Керімағаш тас жолының төртінші шақырымында болған. Toyota Corolla көлігіндегі 65 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай, кілт бұрылыста жолдан шығып кетіп, су арнасының деңгейін бақылауға арналған гидротехникалық құрылысқа соғылған.
"Апат салдарынан шетелдік көліктің 50 жастағы жолаушысы көз жұмды, жүргізуші түрлі жарақатпен облыстық ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады Жетісу облыстық полициясының баспасөз қызметі.
Жол апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Автогрейдер мен жеңіл көлік соқтығысты: Алматы – Өскемен тасжолында 2 адам көз жұмды