Автогрейдер мен жеңіл көлік соқтығысты: Алматы – Өскемен тасжолында 2 адам көз жұмды

© Photo : Rico_LoebАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.01.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 11 қаңтар – Sputnik. Алматы – Өскемен тасжолында автогрейдер мен жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан екі адам көз жұмды, деп хабарлады Polisia.kz.
Жол апаты 11 қаңтарда болды. Сарқан ауданында Hyundai Accent жеңіл автокөлігі мен автогрейдер соқтығысқан. Оқиға орнында екі адам қаза тапты.
"Алматы – Өскемен автожолының 448 шақырымында жол апаты болды. Hyundai Accent көлігінің жүргізушісі 50 жастағы ер адам рөлді басқара алмай, қарсы келе жатқан КамАЗ көлігімен соқтығысты. Оқиға орнында жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен 34 жастағы жолаушы әйел көз жұмды", – деп хабарлады облыстық ПД Патрульдік полиция батальоны 5-взводының командирі Асхат Әмірхамзаев.
Мигалки на полицейской машине  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.01.2023
Талдықорған - Үштөбе тас жолында болған жол апатынан екі адам қаза тапты
Жаңалықтар
0