Спорт

Australian open финалы: Рыбакинаның кездесуін қайда және қашан көруге болады

Sputnik
АСТАНА, 27 қаңтар - Sputnik. Ертең, 28 қаңтарда қазақстандық теннисші Елена Рыбакина "Үлкен дулыға" турнирінің финалында өнер көрсетеді.
Рыбакина әлемнің бесінші ракеткасы беларусь Арина Соболенкоға қарсы ойнайды.
Финалдық кездесу Мельбурн қаласында өтеді және Астана уақытымен 14:30-да басталады.
Ұлттық теннис орталығында қазақстандық спортшыға жанкүйер болуға болады. Сонымен қатар, Eurosport 1 арнасында тікелей трансляция көрсетіледі.
Australian Open финалына шыққан Рыбакина WTA әлемдік рейтингінің алғашқы ондығына енді. Ал Соболенко тізімде 2-ші болып тұр.
Бұған дейін Australian Open жартылай финалында Елена Рыбакина әлемнің 24-ші ракеткасы Беларусь спортшысы Виктория Азаренконы 7:6 (7:4), 6:3 есебімен ұтты.
Кездесу 1 сағат 43 минутқа созылды.
Премьер-министр Елена Рыбакинаға "Достық" орденін табыстады