https://sputnik.kz/20220712/elena-rybakina-dostyq-ordeni-26079627.html
Премьер-министр Елена Рыбакинаға "Достық" орденін табыстады
Премьер-министр Елена Рыбакинаға "Достық" орденін табыстады
Sputnik Қазақстан
Биыл қазақстандық теннисші әлемдік рейтингтің ТОП-10 қатарына кіруді жоспарлап отыр 12.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-12T15:21+0500
2022-07-12T15:21+0500
2022-07-12T15:22+0500
теннис
https://sputnik.kz/img/07e6/07/0c/26077953_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_8db07f7c0ccb300c39939ffff3867d73.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов Уимблдон турнирінің жеңімпазы Елена Рыбакинамен кездесті.Оған президенттің жарлығымен спорттағы аса үздік жетістіктері және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін берілген II дәрежелі "Достық" орденін табыс етті, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.Ал Елена Рыбакина жоғары марапат үшін алғысын білдіріп, қазақстандықтардың қолдауын сезініп жүретінін айтты."Әрине, мен отандастарымыздың қолдауын ұдайы сезінемін. Бұл мен үшін үлкен қуаныш пен жауапкершілік. Кеше Қазақстанға ұшып келгенде мені қарсы алған адамдардың көп болғанын көрдім ", – деді спортшы. Қазақстандық теннисші жүлде қаражатының бір бөлігін елімізде қайырымдылыққа және юниорларды қолдауға жұмсайтынын айтты."Менің ойымша, турнир ұйымдастырған немесе жас ойыншыларға грант тағайындаған дұрыс болады. Себебі мен мұнда зор қолдауға ие болдым. Енді жас буынның дамуына мен көмектесуім керек", – деді Елена Рыбакина.Спортшы алдағы жоспарларын бөлісті. Бірнеше күннен кейін АҚШ-та өтетін турнирлерге дайындала бастайды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/0c/26077953_132:0:1092:720_1920x0_80_0_0_4f9c4da669bd88a03d84ca0ac7712dc6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
теннис
Премьер-министр Елена Рыбакинаға "Достық" орденін табыстады
15:21 12.07.2022 (жаңартылды: 15:22 12.07.2022) Биыл қазақстандық теннисші әлемдік рейтингтің ТОП-10 қатарына кіруді жоспарлап отыр
НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов Уимблдон турнирінің жеңімпазы Елена Рыбакинамен кездесті.
Оған президенттің жарлығымен спорттағы аса үздік жетістіктері және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін берілген II дәрежелі "Достық" орденін табыс етті, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.
"Барлық қазақстандық сіздің әлемнің ең атақты теннисшілерімен сайыстарыңызды бақылап отырды. Үлкен дулыға турнирінде жеңіске жетіп, отандастарымыздың үмітін ақтадыңыз, сондай-ақ Қазақстанда теннисті дәріптеуге баға жетпес үлес қостыңыз. Сіздің жеңісіңіз жас спортшыларды ынталандыра түседі деп сенемін", – деп атап өтті Әлихан Смайылов.
Ал Елена Рыбакина жоғары марапат үшін алғысын білдіріп, қазақстандықтардың қолдауын сезініп жүретінін айтты.
"Әрине, мен отандастарымыздың қолдауын ұдайы сезінемін. Бұл мен үшін үлкен қуаныш пен жауапкершілік. Кеше Қазақстанға ұшып келгенде мені қарсы алған адамдардың көп болғанын көрдім ", – деді спортшы.
Қазақстандық теннисші жүлде қаражатының бір бөлігін елімізде қайырымдылыққа және юниорларды қолдауға жұмсайтынын айтты.
"Менің ойымша, турнир ұйымдастырған немесе жас ойыншыларға грант тағайындаған дұрыс болады. Себебі мен мұнда зор қолдауға ие болдым. Енді жас буынның дамуына мен көмектесуім керек", – деді Елена Рыбакина.
Спортшы алдағы жоспарларын бөлісті. Бірнеше күннен кейін АҚШ-та өтетін турнирлерге дайындала бастайды.