АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. Сенатор Мәулен Әшімбаев жоғары палатаның төрағасы болып қайта сайланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін сенат отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әшімбаевтың кандидатурасын ұсынған болатын. Сенат депутаттары ұсынысты бірауыздан қолдап, тиісті қаулыны қабылдады.
Әшімбаев 2020 жылдан бері сенат спикері қызметін атқарды. Биыл сенат сайлауы аясында президенттік квотамен жоғары палатаның депутаты болып қайта тағайындалды.
Ал Жақып Асанов спикердің орынбасары лауазымына сайланды. Ол 2017-2022 жылдары Жоғарғы соттың төрағасы болды. Жақында президенттік квотамен сенат депутаты болып тағайындалды.