Мәулен Әшімбаев сенат төрағасы болды

© PhotoМәулен Әшімбаев
Мәулен Әшімбаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. Сенатор Мәулен Әшімбаев жоғары палатаның төрағасы болып қайта сайланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін сенат отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әшімбаевтың кандидатурасын ұсынған болатын. Сенат депутаттары ұсынысты бірауыздан қолдап, тиісті қаулыны қабылдады.
Әшімбаев 2020 жылдан бері сенат спикері қызметін атқарды. Биыл сенат сайлауы аясында президенттік квотамен жоғары палатаның депутаты болып қайта тағайындалды.
Ал Жақып Асанов спикердің орынбасары лауазымына сайланды. Ол 2017-2022 жылдары Жоғарғы соттың төрағасы болды. Жақында президенттік квотамен сенат депутаты болып тағайындалды.
Мәулен Әшімбаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.01.2023
Саясат
Тоқаев Әшімбаев жайлы: оны сенат төрағалығына лайықты деп санаймын
Жаңалықтар
0