АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. Шетелдік көліктерді заңдастыруға құжат қабылдайтын мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі өзгерді. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі хабарлады.
Енді аталған мекемелер дүйсенбіден сенбіге дейін сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Орталықтар азаматтарды 2023 жылдың 6 ақпанына дейін осы кестеге сәйкес қабылдайды, ал кестенің өзгергені туралы қосымша хабарланады.
Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының мекенжайын мына жерден көруге болады.
Шетелдік көліктерді заңдастыру процесі 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.