Түркістан облысында жігіт оқушы қызды алып қашты - полиция не дейді

Түркістан облысында 15 жасар қыздың әкесі полицияға қызын ұрлап әкеткені туралы шағым түсірді
Sputnik
АЛМАТЫ, 25 қаңтар - Sputnik. Түркістан облысында ер адам оқушы қызды алып қашты. Оның әкесі оқиға жайлы әлеуметтік желілерден білген, деп хабарлады Дина Таңсәрі.
Әкесінің айтуынша, белгісіз адамдар өткен жылдың соңында қызын ұрлап әкетіп, Түркістан облысының Жетісай ауданына апарған. "Беташар" рәсімін өткізіп үлгерген. Кәмелетке толмаған қыздың анасына 600 мың теңге қалыңмал берген. Оқушы қыз бен анасы отағасынан бөлек тұрған. Әкесі алимент төлеп тұрған. Ол қызының тұрмысқа шығуына рұқсатын бермеген.
"Шымкент тұрғынының кәмелетке толмаған қызын үйлену мақсатында алып қашқаны туралы арызы бойынша, Жетісай ауданының полициясы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады", - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Қыз өзінің танысына тұрмысқа шыққан. Қазіргі күні анасы келіспей, қызын жігіттің үйінен Шымкентке алып кеткен. Қазіргі таңда іс бойынша сараптама жүргізіліп жатыр.
Іс Түркістан облысы полиция департаментінің бақылауында.
Өңірлер
Үйленгісі келген: павлодарлық дәмханада отырған қызды алып қашты