https://sputnik.kz/20211224/pavlodarlyq-qyzdy-alyp-qashty-18982291.html
Үйленгісі келген: павлодарлық дәмханада отырған қызды алып қашты
Үйленгісі келген: павлодарлық дәмханада отырған қызды алып қашты
Sputnik Қазақстан
Қарастырылып отырған бап бойынша кінәлі деп танылған адам төрт жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылады 24.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-24T19:36+0500
2021-12-24T19:36+0500
2022-02-01T13:05+0500
өңірлер
павлодар
дәмхана
қыз
https://sputnik.kz/img/383/34/3833483_0:850:2848:2452_1920x0_80_0_0_9f6e3ec820fdb76a4197ad19ef2bb21b.jpg
ПАВЛОДАР, 24 желтоқсан — Sputnik. Павлодар тұрғыны танысын дәмханадан алдап шығарып, алып қашты, деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.Оқиға 21 желтоқсанда болған. Павлодар полициясына адам ұрлау туралы хабарлама келіп түсті. Тәртіп сақшыларымен кездесу кезінде арызданушы бірнеше сағат бұрын достарымен бірге дәмханаға түскі ас ішуге келгенін айтты.Біраз уақыттан кейін жігіттердің бірі сөйлесу үшін далаға шығуын өтінді. Қыз келісті. Осыдан кейін жастар қаланы аралап, бір сағаттан кейін келуге уәде бергені белгілі болды.Бірақ кейінірек қыздардың бірінің күйеуі жігіт қызды алып қашқанын айтты. Сондай-ақ, ол шамамен бір айдан кейін үйлену тойы болатынын жеткізген.Ұрланған қыздың құрбысы полициядан көмек сұрады.Осы бап бойынша кінәлі деп танылған адам төрт жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
павлодар
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/383/34/3833483_0:583:2848:2719_1920x0_80_0_0_9aa8711acbe536d4e9726c44cd9f6e3f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар, дәмхана, қыз
Үйленгісі келген: павлодарлық дәмханада отырған қызды алып қашты
19:36 24.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Қарастырылып отырған бап бойынша кінәлі деп танылған адам төрт жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылады
ПАВЛОДАР, 24 желтоқсан — Sputnik. Павлодар тұрғыны танысын дәмханадан алдап шығарып, алып қашты, деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға 21 желтоқсанда болған. Павлодар полициясына адам ұрлау туралы хабарлама келіп түсті. Тәртіп сақшыларымен кездесу кезінде арызданушы бірнеше сағат бұрын достарымен бірге дәмханаға түскі ас ішуге келгенін айтты.
Біраз уақыттан кейін жігіттердің бірі сөйлесу үшін далаға шығуын өтінді. Қыз келісті. Осыдан кейін жастар қаланы аралап, бір сағаттан кейін келуге уәде бергені белгілі болды.
Бірақ кейінірек қыздардың бірінің күйеуі жігіт қызды алып қашқанын айтты. Сондай-ақ, ол шамамен бір айдан кейін үйлену тойы болатынын жеткізген.
Ұрланған қыздың құрбысы полициядан көмек сұрады.
"Күдікті ұсталды, Қылмыстық кодексінің 125-бабы ("Адамды ұрлау") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - деп хабарлады құқық қорғау органдары.
Осы бап бойынша кінәлі деп танылған адам төрт жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылады.