Оқиға

Бұрынғы күйеуіне хабарлама жіберген - Алматыда әйел ұлын өлтіріп, өз-өзіне қол салды

Әйел 11 жастағы баласына бірнеше рет пышақ сұққан
Sputnik
АЛМАТЫ, 26 қаңтар - Sputnik. Алматы полиция департаментінің қызметкерлері 11 жастағы ұлын өлтіріп, өз-өзіне қолш салған әйелдің ісіне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Алдын ала мәліметтер бойынша, қайғылы оқиға әйелдің психикалық ауытқуынан болған. Күйеуі үйге келгенде 11 жастағы баласы мен бұрынғы әйелінің мәйітін көріп, дереу полицияға хабарлаған.

"1981 жылы туған әйел 2011 жылы туған ұлын бірнеше рет пышақтап өлтірген. Сосын өз-өзіне қол жұмсаған", - деп хабарлады қалалық полиция департаменті.

Әйел бұрынғы күйеуіне аудиохабарлама жазған. Ол аудиохабарламада ішіне жын кіріп, баланы өлтірткенін айтқан.
Ер адамның айтуынша, соңғы кездері бұрынғы жұбайында психикалық ауытқу пайда болған.
Трагедияның мән-жайы тергеу процесінде анықталады. Қазіргі уақытта қылмыстық іске қатысты сараптамалар жүргізіліп жатыр.
Маңғыстау облысында әкесі үш баласын өлтіріп, өзіне қол салды