Маңғыстау облысында әкесі үш баласын өлтіріп, өзіне қол салды

© Photo : Pixabay / Gerd AltmannМужчина на фоне окна
Мужчина на фоне окна - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.12.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 13 желтоқсан - Sputnik. Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында үш бала мен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
11 желтоқсан күні сағат 19.45-те Мұнайлы полиция бөліміне Мұнайлы ауданында 4 мәйіт табылды, олардың асылып көз жұмғаны анықталды. Полиция үйден асылып өлген 38 жастағы ер адам, сондай-ақ 8, 4 жастағы және 10 айлық балалардың денесін тапты.
Тексеру барысында аудиожазба анықталды. Ол әйеліне өлетінін және балаларын өзімен бірге алып кететінін айтқан.
Бұл оқиға отбасылық жанжалдан туындаған және ерлі-зайыптылар ажырасқалы жатқандығы белгілі болды.
Ерлі-зайыптылардың екеуінің де тұрақты жұмыс орындары болған.
Полиция қылмыстық іс қозғады. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.
Жаңалықтар
0