АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда үш күнде 879 адам шетелдік көлігін заңдастырды, деп хабарлады ішкі істер министрлігі.
"Қазіргі уақытта 13 мың өтінім алдын ала мақұлданған. 879 адам өз көлігін сәтті заңдастырды. Оларға қазақстандық техпаспорттар мен мемлекеттік нөмірлік белгілер берілді", - делінген хабарламада.
Айта кетері, көліктерді заңдастыру науқаны кезінде халыққа қызмет көрсету орталықтары сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Жергілікті жерлерде мамандар халыққа кеңес беріп, базалар бойынша құжаттарды тексеріп, әрбір өтінімді жеке қарап жатыр.