Қауіпсіздік кеңесінің отырысында әскердің жағдайын жақсарту мәселесі қаралды

Sputnik
АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысын өткізді, деп хабарлады Ақорда.
"Жиында Қарулы күштерді одан әрі дамыту және әскери қызметшілерді әлеуметтік тұрғыда қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды", - делінген хабарламада.
Отырыста қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов пен бірқатар өкілетті мемлекеттік орган жетекшілері баяндама жасады.
Қауіпсіздік кеңесі отырысының қорытындысы бойынша әскердің материалдық-техникалық жағдайын жақсартуға, оны кадрлармен қамтамасыз етуге және әскери қызметтің беделін арттыруға бағытталған шешімдер қабылданды.
Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді