Қауіпсіздік кеңесінің отырысында әскердің жағдайын жақсарту мәселесі қаралды

© Photo : Пресс-служба Президента Республики КазахстанМемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысын өткізді, деп хабарлады Ақорда.
"Жиында Қарулы күштерді одан әрі дамыту және әскери қызметшілерді әлеуметтік тұрғыда қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды", - делінген хабарламада.
Отырыста қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов пен бірқатар өкілетті мемлекеттік орган жетекшілері баяндама жасады.
Қауіпсіздік кеңесі отырысының қорытындысы бойынша әскердің материалдық-техникалық жағдайын жақсартуға, оны кадрлармен қамтамасыз етуге және әскери қызметтің беделін арттыруға бағытталған шешімдер қабылданды.
Акорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2022
Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді
Жаңалықтар
0