АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Australian Open-2023 турнирінде кезекті қарсыласын жеңіп, жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ширек финалда Рыбакина латвиялық Елена Остапенкомен кездесті. Бірінші сетте қарсыласын 32 минутта жеңіп шықты. Есеп – 6:2. Ал екінші сетте 0:2 есебімен ұтылып жатса да, кері брейк жасап, қатарынан төрт геймді алып кетті. Қорытынды есеп - 6:4.
Елена Рыбакина жартылай финалға шықты
© AP Photo / Dita Alangkara
Айта кетері, Елена Остапенко әлемнің 17-ші ракеткасы болып саналады. Бұған дейін Рыбакина оны бірде-бір рет жеңіп көрмеген. Екі рет кездесті. Бірақ екі матчта та ұтылған. Осы жолы айқын басымдықпен жеңді. Жартылай финалда Рыбакина Джессика Пегула (3) — Виктория Азаренко (24) арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.
Қазірдің өзінде қазақстандық теннисші тарихи жетістікке жетіп отыр. Біздің спортшымыз алғаш рет Australian Open ширек финалына шығып қана қоймай, жартылай финалға жолдама алды.